Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
Фото: gov.kz
Белгілі кинорежиссер, сценарист және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сламбек Тәуекел дүниеден озды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасына, туған-туыстарына және әріптестеріне қайғыра көңіл айтты.
«Сламбек Тілеуқабылұлы – қазақ киноөнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға. Тарихи-көркем фильмдердің бірқатарын дүниеге әкелген кәсіби режиссер, білікті сценарист әрі продюсер ретінде ұлттық руханияттың өркендеуіне еңбек сіңірді», – деп хабарлады министрлік.
Сламбек Тәуекел «Құрмет» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, бірқатар танымал тарихи фильмдердің авторы. Ол Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, өнер саласындағы жас мамандардың қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметі ұлттық кино тарихында айрықша орын алады. Министрлік Сламбек Тәуекелдің «ғибратты ғұмыры халқының жадында мәңгілік сақталатынын» атап өтті.
Марқұмның жерлеу рәсімі мен нақты уақыты жайлы ақпарат кейінірек хабарланады.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды