Reuters: Трамп Қазақстанды Израильдің серіктесіне айналдырмақшы
Фото: Elements.envato.com
АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық Азия елдерін, соның ішінде Қазақстанды, Израиль мен ислам мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық туралы «Авраам келісімдеріне» қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Reuters агенттігі бес дереккөзге сілтеме жасап, Трамп әкімшілігі «Авраам келісімдеріне» жаңа қатысушыларды қосу мүмкіндігін белсенді түрде талқылап жатыр. Қазіргі уақытта бұл тізімдегі алғашқы үміткер — Әзірбайжан.
Израиль мен ислам мемлекеттері арасындағы бұл келісімдер 2020–2021 жылдары, Трамптың алғашқы президенттік мерзімі кезінде жасала бастады. АҚШ-тың делдалдығымен төрт мұсылман елі Тель-Авивпен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісім берген.
Reuters агенттігі Орталық Азия елдерінің Израильмен бұрыннан қалыптасқан сауда және дипломатиялық қатынастары бар екенін атап өтеді. Сондықтан олардың «Авраам келісімдеріне» қосылуы — саяси символизм ретінде қабылдануы мүмкін және бұл қадам Сауд Арабиясына қысым жасауға бағытталуы ықтимал.
«Бұл талқылаулар аясында Әзірбайжан шенеуніктері Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен, соның ішінде Қазақстанмен байланысқа шыққан. Мақсат — «Авраам келісімдерін» кеңейтуге деген қызығушылықты бағалау. Алайда олар тағы қай елдерге жүгінгені әзірге белгісіз» деп жазады Reuters.
АҚШ мемлекеттік департаменті Израильмен ынтымақтастыққа шақырғысы келетін елдердің тізімін айтпаса да, «Авраам келісімдерін» кеңейту Дональд Трамптың сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін растады.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?