Республикалық дирижерлер байқауы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналады
Фото: Orda.kz
8–10 қазан күндері Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда композитор, дирижер, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, «Халық қаһарманы» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық дирижерлер байқауы өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Байқау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Оның негізгі мақсаты – отандық дирижерлік мектеп дәстүрін сақтау және дамыту, жаңа таланттарды анықтау, жастарға қолдау көрсету және ұлттық мәдениет беделін халықаралық деңгейде арттыру.


Шығармашылық сынға еліміздің жас таланттары мен музыка университеттерінің 18–35 жас аралығындағы студенттері қатысады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Барлық шығармалар Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін сүйемелдеуімен орындалады.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, композитордың қызы Дінзухра Тілендиева байқаудың маңыздылығына тоқталып:
«Бұл тек жас дирижерлердің жарысы ғана емес. Әкемнің бай мұрасымен жақынырақ танысып, оның шығармашылығына қанығып, сол серпінді жас буынға жеткізудің ерекше мүмкіндігі», – деді ол.




Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармония директоры Ақан Әбдуалиев байқаудың композитордың мерейтойымен қатар келуінің ерекше мәнін атап өтті:
«Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы еліміз бойынша кең көлемде аталып өтіп жатыр. Алматыда байқаудың ұйымдастырылуы – символдық мәні бар оқиға. Біз бұл жоба тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беріп, жаңа есімдерді анықтайтынына сенеміз», – деді филармония басшысы.
Жеңімпаздарды мәдениет пен өнер саласының танымал қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Лауреаттарға мынадай марапаттар табысталады:
- Гран-при;
- I, II және III орындар;
- арнаулы дипломдар;
- «Нұрғиса Тілендиев шығармаларын үздік орындағаны үшін» жүлдесі бар.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен гала-концерт 10 қазан күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Үлкен залында өтеді.
Биыл қазақтың бірегей композиторы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Қазақ музыкасының алтын дәуірін қалыптастырған тұлғаның ғасырлық мерейтойы жыл бойы тойланбақ.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі өнегелі өмірін өнерге арнаған біртуар азаматтың көзін көргендермен сұхбаттасты.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды