Ресейліктер уәде еткен үш ЖЭО құрылысы кейінге қалды
Фото: kursiv.media
Қазақстанның үш қаласында – Көкшетау, Семей және Өскеменде 2024 жылға дейін ресейліктер уәде еткен жылу электр станциялары құрылысын бастау мерзімі кейінге шегеріледі, деп хабарлайды ресейлік энергетика саласындағы сауда басылымы «Переток.Ру»
«Біз құрылыстың айтылған уақытта емес, 2025 жылы басталатынын болжап отырмыз», - деді Петербург халықаралық экономикалық форумы (СПИЭФ) алаңында ресейлік «Интер РАО» корпорациясының бас директоры Сергей Дрегвал.
Оның айтуынша, жобаларға негізінен ресейлік техниканы пайдалану жоспарлануда.
«Біз келісімшарт бойынша жабдық жеткізушіміз және құрылысты қадағалаймыз, біз мердігер болмаймыз. Біз ресейлік техниканы, оның ішінде УТЗ-ды (Интер РАО-ға тиесілі жабдық - ред) жеткізуге тырысамыз», - деді Дрегвал.
Айта кетейік, бір аптадан сәл астам уақыт бұрын, 28 мамырда үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Көкшетауда жылу электр орталығы құрылысын бастау биылғы жылдың жазына жоспарланғанын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Ресей Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі арасында Көкшетау жылу электр орталығы, Семей жылу электр орталығы және Өскемен жылу электр орталығы құрылыс жобалары бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.
5 наурызда күтілетін электр қуатының көрсеткіштері жарияланды: Көкшетау – электр қуаты – 240 МВт, т/м – 520 Гкал/сағ, Семей – электр қуаты – 360 МВт, т/м – 1200 Гкал/сағ және Өскемен – э/м – 360 МВт, т/м – 1002 Гкал/сағ.
Жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның уәкілетті ұйымдар ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ, ал Ресейден «INTER RAO - Export» ЖШС анықталған еді.
Жаңалықтар
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр