Ресейлік журналист саяси баспана беруден бас тартылған соң сотқа шағым түсірді

cover Сурет ашық дереккөзден

Бурят журналисі Евгения Балтатарова саяси баспана беруден бас тартқан соң Алматының жұмыспен қамту басқармасын сотқа бермек. Бұл туралы қазақстандық заңгер Мұрат Адам Facebook желісінде айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Адам Балтатарованың жазда босқын мәртебесін алуға көмек сұрағанын еске алды. Ол барлық қажетті құжаттарды өз бетінше жинап, өтініш берді. Алайда 6 қазанда оған Қазақстанда босқын мәртебесін беруден бас тартылды.

«Біздің уәкілетті мемлекеттік органның Балтатароваға қатысты қабылдаудан бас тартуының уәждері мен негіздерін зерделей келе, мен, ең соңында, біздің еліміздегі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының құқықтық және демократиялық мемлекетімізде маңызы жоқ екеніне көзім жетті. Балтатарова ұсынған құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган зерттеген де жоқ» деп жазады заңгер.


Белгілі болғандай, талап арыз қазірдің өзінде берілген, бірінші сот отырысы 16 қарашаға белгіленген.

«Біз пана беруден бас тартуды даулаймыз. Сот бүгін, жұма күні өтінішті қабылдап, сот отырысын 16 қарашаға белгіледі. Мұраттың айтуынша, бұл өте күдікті. Мұндай жылдамдық маған да, оған да ұнаған жоқ» деп түсіндірді Балтатарова өзінің телеграм-каналында.


Естеріңізге сала кетейік, Балтатарова Ресейден 2022 жылдың наурыз айында кеткен. Маусым айында Улан-Удэ соты оны сырттай қамауға алып, халықаралық іздеуге жариялады. Қазан айында Ресей Әділет министрлігі оны шетелдік БАҚ агенті деп таныды. 

Журналист Қазақстаннан Қырғызстанға ұшып кетуді жоспарлаған, бірақ үлгере алмай, Алматы әуежайында полиция бөліміне жіберілген. Онда әйел өз елінде Ресей Федерациясының Қарулы Күштері туралы «жалған жаңалықтарға» қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын білген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар