«Ресейге санкциялар арқылы қысым жасау керек» — Зеленский
Скриншот: Новини.LIVE.
Стамбұлда өткен келіссөздерден кейін Дональд Трамп Владимир Путинмен сөйлесті. Зеленский Трамппен және Еуропалық одақ көшбасшыларымен әңгімесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Стамбұлдағы ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Дональд Трамп Владимир Путинмен сөйлесті. Бұған дейін Трамп ресейлік әріптесімен жеке әңгіме ғана Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату мәселесінде нақты ілгерілеуге себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Ресей президентімен әңгімелескеннен кейін АҚШ президенті Мәскеу келіссөздерді әдейі созып отыр деп есептемейтінін және жалпы қақтығысты реттеуге сенетінін айтты. Оған қоса, Трамп Зеленскийді оңай дес беретін адам емес деп сипаттады.
Сонымен қатар, Владимир Зеленский АҚШ президентімен ғана емес, сондай-ақ еуропалық көшбасшылар — Макрон, Мелони, Мерц, Стубб және фон дер Ляйенмен де сөйлескенін хабарлады.
«Мен Трампқа Украинада біз толық әрі сөзсіз оқ атуды тоқтатуға дайын екенімізді айттым. Бірақ, ресейліктер кісі өлімін тоқтатуға дайын болмаса, санкцияларды күшейту керек. Ресейге қысым жасау ғана оның режимін бейбітшілікке итермелейді. Бұл бәріне анық. Мен Украина Ресеймен тікелей келіссөздер жүргізуге кез келген форматта және кез келген алаңда, Түркияда, Ватиканда, Швейцарияда дайын екенін растаймын. Бастысы — нәтиже шығару», — деді Зеленский.
Зеленский үшін, оның өзі атап өткендей, АҚШ-тың келіссөздерден шеттеп қалмауы өте маңызды.
«Егер Ресей кісі өлтіруді тоқтатпаса, тұтқындар мен кепілдегі адамдарды босатпаса, егер Путин орындалмайтын талаптар қоя берсе, бұл Ресейдің соғысты әдейі созып отырғанын білдіреді. Онда Еуропа, Америка және бүкіл әлем қосымша санкциялармен әрекет етуі тиіс. Бұл соғысты бастаған — Ресей, сондықтан оны аяқтау да Ресейдің міндеті. Ал біз әрдайым бейбітшілікке дайынбыз», — деді ол.
Сондай-ақ, Трамп Украинадағы қақтығысты «өзінің соғысы емес» деп атады.
«Бұл менің соғысым емес. Мен мұнда көмектесу үшін келдім. Біз бұл соғысқа жүздеген миллиард доллар жұмсадық. Бірақ онда апта сайын мыңдаған адам қаза тауып жатыр».
Еске салайық, бұған дейін Түркияда Ресей мен Украина елдерінің мемлекет басшыларынсыз тұтқындарды алмастыру туралы келіссөздер өтті.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема