Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасап, адамдар қаза тапты
Фото: ТАСС
Концерт басталар алдында кем дегенде бес адам Crocus City Hall концерт залына шабуыл жасады. Куәгерлердің айтуынша, камуфляж киген бірнеше адам ғимаратқа кіріп, адамдарды ата бастаған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында белгісіз біреулер атыс бастады. Осы кезде сол жерде Пикник тобының концерті болып жатқан. Алдын ала болжам бойынша, автоматтан оқ атылған болуы мүмкін. Куәгердің айтуынша, концерт басталар алдында залда белгісіз біреулер автоматтан оқ жаудырған» делінген жұма күні тараған хабарда.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ауыл шаруашылығы холдингіне келушілер мен жұмысшылар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер бар. Артынша кешендегі түтін мен жарылыс туралы ақпарат тарады.
«Ғимараттың үштен бір бөлігі өртеніп жатыр, қою қара түтін тарап жатыр» делінген хабарламада.
Оқиға орнына мәскеулік СОБР мен ОМОН, сондай-ақ өрт сөндірушілер барды.
«Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, өрт сөндірушілер адамдарды шатырдан шығарды, 100-ге жуық адам эвакуацияланды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, атыс кезінде музыканттар зардап шеккен жоқ. Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын хабарлады. Crocus City Hall ғимаратына 30-дан астам облыстық және 20 мәскеулік жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Төтенше жағдай аймағында Мәскеу айналма жолының 65-67-ші шақырымында көлік қозғалысы қиындады» деп толықтырды ТАСС.
Түрлі ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл кезінде 40-қа жуық адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды