Ресейдің әскери ұшақтарын жаруға қатысы бар деген күдікті Астанаға қашып кетті ме?
Фото: РФ ІІМ
Ресейлік стратегиялық бомбалаушы ұшақтарды жаруға қатысы бар деген күдікке ілінген украиндық Артём Тимофеев іздеуге жарияланды. Бұған дейін оның жұбайымен бірге Қазақстанға кетуі мүмкін екені айтылған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Коммерсантъ» басылымының жазуынша, Артём Тимофеев Ресейде федералдық іздеуде жүр. РФ ІІМ деректер базасында Тимофеевтің Украинадағы Житомир қаласында туғаны көрсетілген. Қандай бап бойынша ізделіп жатқаны нақты көрсетілмеген.
Тимофеев «Өрмек» операциясына қатысқан деген күдікке ілінген. Бұл — Ресейдің бес аймағындағы аэродромдарда әскери ұшақтарды дрондар арқылы жою операциясы. 1 маусым күні дрондар ұшып шыққан жүк көліктері дәл осы Житомир тумасына тиесілі болғаны айтылып отыр.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Артём Тимофеев бірнеше күн бұрын Челябіден әйелімен бірге Астанаға кеткен. Ол Қазақстанда қалды ма, әлде елді тек транзиттік аймақ ретінде пайдаланды ма — әзірге белгісіз. Кремль Тимофеевті іздеу бойынша Қазақстанмен ынтымақтаса ма деген сұраққа нақты жауап берген жоқ.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды