Ресейді SWIFT-тен ажыратса, Қазақстандағы банктердің жағдайы не болмақ
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров егер Ресей SWIFT жүйесінен ажыратылса, Қазақстан «басқа жол таба алады» деп есептейді.
Министр бұған дейін санкциялар болғанын, бірақ олар негізінен Ресей аумағында тікелей жұмыс істейтін банктерге қатысты екенін атап өтті.
— Екінші жағынан, егер бұл дәл осы Жинақ банкіне әсер етсе және ол Қазақстандағы ең белсенді екінші немесе үшінші тірек болса, онда ағынның бір бөлігі басқа қазақстандық банктерге түседі. Бір-екі банкке байланған жоқпыз. Қазақстан SWIFT-тің белсенді қатысушысы болып табылады және ең жағымсыз сценарийлердің бірі – Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуын алсақ, біз де тығырықтан шығудың басқа жолын таба аламыз деп ойлаймын, - деді Қуантыров.
Бұл ретте ҰЭМ шектеулер Сбербанкке әсер еткеннің өзінде, бұл Қазақстан азаматтарына төленетін әлеуметтік төлемдерге әсер етпейді деп санайды.
Қуантыров мемлекет қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге дейінгі депозит сомасына кепілдік беретінін еске салды.
— Депозиттерге кепілдік беру арқылы бұл қаражатты осындай сценарий бойынша қайтаруға болады. Ал жоғарыда айтылған – жеке тұлғалардың тікелей тәуекелдері. Бірақ бұл халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қатысты емес, - деп түйіндеді министр.
Украина президенті Владимир Зеленский Еуропаның барлық елдері Ресейді халықаралық банктік төлемдердің SWIFT жүйесінен ажыратуға келісті деп мәлімдеді. Елдің Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба ресми шешім әлі ресімделмегенін, бірақ шешімді қабылдау және бұл санкцияны жүзеге асыру үшін техникалық дайындық жұмыстары басталып кеткенін нақтылады.
Бұл ретте CNN өз дереккөзіне сілтеме жасап, АҚШ пен ЕО жалпы Ресейді емес, SWIFT-тен жекелеген банктер мен компанияларды ажырату мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық