Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
Фото: көрнекілік үшін
Әлеуметтік желілерде Ресейдің Ленинград облысында болған жанжалдың видеолары таралып жатыр. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, жаппай төбелеске қатысқандар арасында Қазақстан азаматтары бар. Осы жағдайға қатысты сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Threads-тегі жазбаға қарағанда, жанжал Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Бейнеден бір топ адам көрінеді, бір сәтте жайбарақат келе жатқан олардың арасына жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік кіріп кетеді.
Пікірлерде қолданушылардың бірі жанжал қазақстандықтар мен жергілікті күзетшілер арасындағы қақтығыстан басталғанын айтады.
Сонымен қатар күндіз түсірілген екінші видео тарады. Онда, болжам бойынша, кәсіпорын күзеті адамдарды күштеп көлікке отырғызып жатқаны көрсетілген.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаның 26 наурыз күні Усть-Луга кентінде болғанын растады. ҚР СІМ мәліметінше, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстаған.
«Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы 2026 жылғы 26 наурызда Усть-Луга кентінде «Велестрой» компаниясы нысанында Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған жанжал туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға қатысушылар мән-жайды анықтау үшін Ресейдің құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сұраулар жолданды», деп хабарлады СІМ.
Министрлік сондай-ақ дипломаттар Санкт-Петербург пен Ленинград облысының ІІМ-мен байланыста екенін, зардап шеккен қазақстандықтардың саны мен олардың құқықтық мәртебесін нақтылап жатқанын айтты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай министрліктің бақылауында.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
Жаңалықтар
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімажанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті