Ресейде Шымкенттен келе жатқан автобус аударылып, 2 жолаушы қаза тапты

cover Фото: Самара облысының прокуратурасы

Сәуірдің 8-іне қараған түні Орал-Мұқанов тас жолының Алақай ауылдық елді мекенінің маңында Шымкент-Нижний Новгород бағытымен келе жатқан автобустың қатысуымен жол апаты болды.

Бұл туралы Самара облысының прокуратурасы хабарлады.

SCANIA Sc18 автобусының жүргізушісі Мұқанов ауылынан Қызыл жар  ауылы бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай, арыққа түсіп кеткен.

1992 және 1994 жылы туған 2 жолаушы қайтыс болды. 8 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автобуста барлығы 65 жолаушы болған. Көлік Қазақстанда тіркелген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар