Ресейде көп әйел алуға тыйым салынды

cover Фото: freepik.com

Ресейде көп әйел алуға қайта тыйым салынды. Бұған дейін елдегі мұсылмандарға 4 әйелге дейін алуға болады деген пәтуа шыққан, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ресей мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесі бұл пәтуәні алып тастады.

Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шамиль Аляутдиновтың айтуынша, бұл шешім бас прокуратураның пәтуаны жою туралы ұсынысы мен қоғам тарапынан болған наразылықтарға байланысты қабылданған. 

«Бұл Құдайдың қалауы, Ресей мұсылмандары діни басқармасының мүшелері дау шығарудың мәні жоқ деген пікірде», - деді Аляутдинов. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар