Ресей жеңіс күніне орай Украинамен 3 күнге бітімгерлікке келеді

cover Фото: РИА Новости

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бітімгершілікке қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

РФ басшысы жеңістің 80 жылдығына орай 3 күндік бітімгершілік жариялады.

Уақытша соғыс тоқтату 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні түнгі 00:00-ден бастап, 10 мамырдан 11 мамырға дейін 00:00-ге дейін болады. Осы кезде барлық жауынгерлік іс-қимылдар тоқтатылады.

Кремль бұл ісінен Украина үлгі алуы керек екенін мәлімдеді және осы күндер аралығында Украина тарапы шабуыл жасайтын болса, міндетті түрде оған жауап болатынын жазды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар