Ресей Украинадағы соғысқа Непалдың 15 мың адамын жалдады
Фото: Ашық дереккөзден
Ресей қорғаныс министрлігі Украинаға қарсы соғысқа Непалдың 15 мың азаматын жалдады деп хабарлайды, Orda.kz порталы CNN-ге сілтеме жасап.
Непалдың бұрынғы сыртқы істер министрі Бимала Рай Паудиял бұл күнде майдан шебінде 15 мың непалдықтар соғысып жатқанын мәлімдеді.
CNN мәліметтері бойынша, Ресей әскері қатарына өткісі келетін Непал азаматтары елге туристік визамен кіреді, ал Ресей үкіметі оларға ай сайын 2000 доллар жалақы және Ресей азаматтығын жедел ресімдеуді ұсынады.
Непал билігі Ресейде 200 шақты азамат кеткенін мәлімдеді және олардың кем дегенде 13-і қаза тауып, 100-ге жуығы хабарсыз кеткен. Тағы 4-еуі Украинада тұтқынға түсті деген ақпарат бар.
Ресей ФСБ мәліметтері бойынша, 2022 жылы Ресей Федерациясына 72 непалдық турист келді, 2023 жылы – 1 039.
Негізгі бөлігі 2023 жылдың төртінші тоқсанында келді — үш айда 700-ден астам адам қосылды. 2023 жылдың желтоқсанында Непал Ресейден өз азаматтарын соғысқа шақыруды тоқтатуды сұраған болатын. Содан кейін елдің сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыста алты непалдық қаза тапты деп мәлімдеді. Кейін Непал билігі ел азаматтарына Ресей Федерациясы мен Украинада жұмыс істеуге рұқсат беруді уақытша тоқтатқаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды