Ресей Укаинаға кезекті зымырандық шабуыл жасады: 16 адам қаза тапты

cover Фото: Зеленскийдің телеграм-арнасы

4 сәуір күні Кривой Рог жеріне зымырандық соққы жасады. Кассеталық баллистикалық зымыран шағын ауданның орталығына түсті, деп хабарлайды Orda.kz.

 

Соққы салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алды. Владимир Зеленскийдің айтуынша, олардың арасында алты бала бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кемінде 20 көпқабатты үй, бірнеше оқу орны, дәмхана және 30-дан астам автокөлік зақымданған. Бірнеше көлік толығымен жанып кетті.

Апат орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар