Ресей мектептерінде қазақ тілінің жоғалу қаупі бар
Ресей мектептерінде елдегі 76 халық тілі оқытылады. Дегенмен, бұл тілдердің үштен бірінен көбі жоғалу қаупіне ұшырап отыр. Оның ішінде қазақ тілі де бар, деп хабарлайды Orda.kz ресейлік «Ведомости» баслымына сілтеме жасап.
Ол «шектеулі ауылдық» тілдер қатарына кіреді: ауылдық жерлерде тіл белсенді қолданылса да, балаларға берілісі әлсіреген.
Ресей Ғылым академиясының Тілтану институты тілдерді сақталу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлген. «Жойылып бара жатқан» тілдер қатарына вод, ижора, саам, энец, ительмен және тофалар тілдері жатады. Олардың әрқайсысының тек бірден қырыққа дейін ғана еркін меңгерушісі бар. «Үзілген» тілдерге, мысалы, идиш, карел, фин және вепс тілдері кіреді. Оларды меңгерушілер саны оннан бес мыңға дейін, ал мектептерде тек шектелген көлемде оқытылады.
Мектеп бағдарламасында қайта тірілтуге тырысатын жалғыз ресми түрде жоғалған тіл — сойот тілі. Ол Оңтүстік Сібірдегі сойоттар арасында қолданылған, бірақ 1970 жылдары мүлде жойылған.
Федералдық туған тілдер институтының вице-директоры Саргылана Брызгалова хабарлағандай, 76 тілдің 64-і үшін мектеп пәні арнайы дайындалған. Сол тілдердің кейбірі Солтүстік, Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарының 20 облысында оқытылады, ал 46 тіл бойынша балабақша бағдарламалары іске қосылған.
Маман пікірінше, мектепте тіл оқыту тек жас кезінде меңгерілмесе, тілдің сақталуын қамтамасыз ете алмайды. Балалар көбіне мектепке тек орыс тілінде келеді. Ресей Ғылым академиясының Тілтану институтының директоры Андрей Кибрик ескертеді: «Ата-ананың қатысуы мен жүйелі жас кезеңінде тіл үйрету болмаса, көптеген тілдер біртіндеп жоғалады».
Басылымның хабарлауынша, қазақ тілі осындай жүйеде кейбір азшылық тілдерге қарағанда жақсы сақталып отыр. Дегенмен, әсіресе қалалық жерлерде, ата-анадан балаларға беріліс әлсірегендіктен, қосымша қолдау қажет.
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты