Ресей кіргізуге тыйым салды: Қазақстаннан барған тауық етінен инфекция табылды
Фото: Envanto
Қазақстандық өндіруші Макинск құс фабрикасы өнімдерінен жүйке жүйесін зақымдайтын инфекция табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
РБК мәліметінше, Ресейге Алтай арқылы Қазақстаннан баратын Макинск құс фабрикасы өнімдерінен инфекция табылды. Сатушыларға өнімді айналымнан алып тастау туралы ескертіліп, зертханалық бақылауға жіберілді.
Салқындатылған бройлер тауық еті партиясынан сынамаларды департаменттің Алтай аймағы және Алтай Республикасы бойынша бөлімшесінің қызметкерлері қаңтар айында алған.
«Россельхознадзор қарамағындағы «Бүкілресейлік жануарлар денсаулығы ғылыми-зерттеу институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Алтай филиалында құс етіне жүргізілген зертханалық зерттеулер өнімдерде Listeria monocytogenes инфекциясы бар екенін көрсетті. Бұл биыл анықталған бірінші бұзушылық», — деп хабарлады Россельхознадзор.
Алайда кейінірек бұл ақпарат ведомствоның сайтынан жоғалып кетті. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі ресейлік тараптан зертханалық зерттеулердің расталған мәліметтерін әлі алмағанын түсіндірді.
Listeria monocytogenes адам мен жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруы листериоз қоздырғышы.
Инфекция орталық жүйке жүйесіне және ұрпақты болуға әсер етеді. Листериоз шикі немесе шала пісірілген лас тағамдарды, ең алдымен жануарлардан алынатын өнімдерді, теңіз өнімдерін және басқа да тағамдарды тұтынудан пайда болады.
Листериоздың инкубациялық кезеңі 90 күнге дейін созылуы мүмкін, бірақ әдетте бір-екі аптаға созылады. Симптомдарға дене қызуы, қалтырау, жүрек айну, бұлшық ет ауруы және диарея жатады. Егер инфекция жүйке жүйесіне таралса, бас ауруы, мойынның қатаюы, құрысу пайда болуы мүмкін және адам тепе-теңдікті жоғалта бастайды. Листериоз әсіресе жаңа туған нәрестелер мен жүкті әйелдер үшін қауіпті, бұл түсікке алып келуі мүмкін.
Жаңалықтар
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді