Ресей Донбасс пен Қырымды иеленуі мүмкін
Фото: Kremlin.ru
Bloomberg агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Ресей мен АҚШ арасында келіссөз жүріп жатыр. Онда Мәскеудің бақылауындағы территорияларды ресми түрде Ресейге бекіту және Украинадағы бірқатар өңірлерде шабуылды тоқтату мәселелері қарастырылуда, деп хабарлайды Orda.kz.
Келіссөзде сөз болып отырған аймақтар — Донецк және Луганск халық республикалары (ДХР және ЛХР), сондай-ақ Қырым түбегі. Бұл келісім 15 тамызда өтеді деп жоспарланған Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуіне орай дайындалып жатыр.
Қол қойылуы тиіс құжат жобасының мақсаты — қақтығысты уақытша тоқтатып, атысты доғару және жанжалды толық реттеу жөніндегі техникалық келіссөздерге жол ашу. Жоспар бойынша, Ресей армиясы қазіргі майдан шебі бойынша Херсон және Запорожье облыстарындағы шабуыл әрекеттерін тоқтатуы тиіс.
Bloomberg дереккөздері бұл келісімнің шарттары әлі түпкілікті емес екенін, әрі өзгеруі мүмкін екенін айтады. Мәскеу қазіргі бақылауындағы кейбір аумақтардан, соның ішінде Запорожье атом электр станциясынан, бас тартуға дайын ба — әзірге белгісіз.
Айта кетейік, 8 тамыз Дональд Трамптың Владимир Путинге бейбіт шешімге келу үшін берген мерзімінің соңғы күні. Алғашында ол 50 күн деп белгіленген, кейін бұл уақыт 10–12 күнге дейін қысқартылған болатын. Егер алға жылжу болмаса, Трамп Ресейге және оның сауда серіктестеріне қосымша экономикалық санкциялар енгізетінін мәлімдеген.
АҚШ президенті сәуір айында Ресейге қарсы санкциялар пакетін бір жылға ұзарту туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды