«Реал Мадридтен» қорқудың еш қажеті жоқ – «Қайраттың» бас бапкері Уразбахтин

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында «Реал Мадридке» қарсы ойында ойыншыларға «ешкімнен қорқудың қажеті жоқ» екенін әрі командасынан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Баспасөз мәслихатында «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен қорғаушы Егор Сорокин журналистердің «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы екінші ойынына қатысты сұрақтарына жауап беріп, қалаға нағыз футбол мерекесі келгенін, ертең тарихи күн болатынын айтты.
«Бұл матч барлығымыз үшін тарихи ойын әрі жанкүйерлер үшін мереке. Әрине, бұл ойынның басқа матчтардан бөлек екені анық. «Реал Мадрид» сияқты клубтың Қазақстанға келгеніне өте қуаныштымыз. Жеребеде бізге «Реал» түскенде қатты қуандық. Ертеңгі матчты үлкен үмітпен күтіп отырмыз», — деді Уразбахтин.
Сонымен қатар, «Реалдың» сырт алаңдағы «Атлетикодан» ірі жеңіліске ұшырағандығы «корольдік клубтың» биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Бұл жеңілістің оларға сабақ болғаны анық. Тілшілеріміз: «енді есесін «Қайраттан» алуы мүмкін бе?» деген сұрақты қойып, ертең қалай ойнайтынын сұрады.
«Біз «Реалдың» соңғы бес ойынын қарап шықтық. Жеңілістер болып тұрады. Бұл футболдың ажырамас бөлігі. Бірақ «Реал» тұрақтылығымен ерекшеленетін команда. Біз олардың «Атлетикоға» қарсы ойынына қатты көңіл бөлмедік. Біз олардың жеңген ойындарын көбірек талдап сараладық. Оған қоса олар Қазақстанға бірінші рет келді. Біздің клуб оларға таңсық екені анық, сондықтан олар командадағы барлық ойыншыларды алып келді», — деді бас бапкер.
Уразбахтин журналистерге «Реал Мадрид» сынды мықты команданың да өз қателіктері болатынын әрі саралай келе оны тапқанын айтты.
«Жалпы мұндай клубтың кемшілігі көп болмайды. Бірақ талдай келе, өзіміз үшін бірнешеуін таптық. Кез келген командада аздаған минус болатын анық. Біз соны саралап таптық десек те болады. Бізге оңай болмайтынын жақсы түсінеміз. Бірақ тапқан әдісімізді іске асыруға тырысамыз. Алаңда өз ойынымызды көрсетуге күш саламыз. Ең маңыздысы, қорқудың қажеті жоқ. Жігіттерге де соны айттым. Батылдықпен алаңға шығу біздің парыз», — деді Уразбахтин.
«Қайраттың» қорғаушысы Егор Сорокин ертеңгі ойыннан команданың ұйымшылдық пен тәртіптің арқасында нәтиже шығаруға тырысатынын айтты.
«Біз оң нәтижеге командалық әрекет пен тәртіптің арқасында қол жеткізе аламыз. Менің ойымша тәртіп бар жерде қандай командамен ойнасаң да маңызды емес. Әрине, ертең біз өз мүмкіндіктерімізді жібермеуге тырысамыз. Біздің басты қаруымыз — стандарттар. Сол арқылы бар күшімізді салып, оң нәтиже көрсетуге тырысамыз», — деді Сорокин.
Сондай-ақ, журналистер соңғы ойындардың қаһарманы атанған қақпашы Шерхан Қалмұрза жайлы да сұрастырды. Еске сала кетейік, Қалмұрза «Қайрат» командасында жалпы қорғаушы ретінде үшінші рет, ал Чемпиондар лигасында екінші рет ойын көрсеткелі отыр.
«Мен Шерханнан қатты бір қобалжу байқамадым. Ол сыртқы ойынды да барынша жақсы алып шықты. Мен оған сенемін және қазір бастапқы көз тігіп отырғанымыз, әрине Шерхан. Ал ертең нақты кім шығатынын көреміз», — деді Уразбахтин.
Еске сала кетейік, Қазақстандық және испандық клубтар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында кездеседі. Матч 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында 21:45-те өтеді.
Жаңалықтар
- Мбаппе, Винисиус, Беллингем мен Куртуа Алматының жасыл алаңында
- «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридке» қиындық тудыруы мүмкін — Хаби Алонсо
- Қазақстандық «Кадет» көркем фильмі Оскарға ұсынылды
- «Бір нәрсені қайталап сұрадыңыз»: Хасан Қасымбаевтың сотында адвокат судьяға 6 мәрте қарсылық білдірді
- Бейбіт Қорған ұсталды
- Елімізде сегіз өңірдің бас прокуроры ауысты
- Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді
- Тоқаевтың халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
- Тоқаев пен Италия президенті бірін-бірі орденмен марапаттады
- «Реал Мадридтен» қорқудың еш қажеті жоқ – «Қайраттың» бас бапкері Уразбахтин
- Шығыс Қазақстан сол күйі жаңа уақыт белдеуінде қалады
- Әнші Рүстем Жүгінісов сотталды
- Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді
- «QAITADAN» фильмі үш аптада 1 миллиард теңге жинады
- Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылды
- Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қонақүйде көз жұмды
- Тимур Тәшімбаев Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды
- Ақорда Мұрат Нұртілеудің отставкасын түсіндірді
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды
- Ғани Бейсембаев отставкаға жіберілді