Құрбан Айтта екі түрлі жолмен құрбандық шалуға болады

cover

Құрбан Айттың қалай өтетіні республикадағы коронавирустың таралауы бойынша эпидемиологиялық ахуалға тығыз байланысты.

Бұл туралы Orda.kz Діни басқарма өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Құрбан Айт кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып, санитарлық мекемелер рұқсат берсе, құрбандықты қасапханада шалуға болады.

Ал жағдай күрделенсе, QURBAN-2021 веб-сайтында онлайн өтеді.

Еске салсақ, онлайн құрбандық шалу тәжірибесі өткен жылы да болған. Құрбандық шалып немесе құрбандық етін алуға өтінішті жоғарыда аталған веб-сайтта беруге болады.

Биыл Құрбан Айттың бірінші күні 20 шілдеге келіп тұр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар