Рамазан айында ораза ұстаушыларға арналған сайт іске қосылды

cover

Ресурс арқылы Рамазан айында барлық аймақтың тұрғындары күннің шығуы мен батуын нақты білетін болады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Арнайы порталдың іске қосылғандығы туралы Сауда интеграция министрлері Бақыт Сұлтанов хабарлары. Ораза ұстағандар бұл жерден нақты уақытты біліп отырды.

– Барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Мереке қарсаңында Қазстандарт арнайы ресурсты мемлекеттік уақыт пен жиілік эталонымен синхрондалған сағатты іске қосты - ramazan.ksm.kz. Қазақстаннның барлық өңірлерінің тұрғындары бұл ресурс арқылы күннің шығуы мен батуының нақты уақытын біле алады. Өйткені, ораза ұстайтындар үшін әр минут маңызды, - деп жазды министр.

2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аякталады.

8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар