«Рахат» фабрикасын Алматы облысына көшіру үшін 200 миллион доллар жұмсалмақ

cover

Жұмыс істеп тұрған зауытты қуаттылығын арттыра отырып, жаңа алаңға көшіру жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«LOTTE Рахат» АҚ зауытын Алматы облысына көшіру  учаскесі таңдалды. Бұл туралы зауыт өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.  әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«LOTTE Рахат өкілдері Алматы облысынан 20-30 гектардай қолайлы жер телімін таңдау мүмкіндігін қарастыруда. Алдын ала есептеулер бойынша, инвестиция көлемі шамамен 200 миллион доллар болады. Жұмыс істеп тұрған зауытты қуаттылығын арттыра отырып, жаңа алаңға көшіру жоспарлануда»  делінген хабарламада.

Әкімдік «өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтуды жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде қазақстандық өнімнің ішкі нарықтағы орнын нығайтып, экспорт үлесін ұлғайтады» деп түсіндірілді.

«Бұл жоба облыстың, сондай-ақ жалпы еліміздің индустриялық дамуына серпін беріп, кемінде 1000 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік ашады», - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлы. 


Жобаны іске асыру мерзімі 2030 жылдан кешіктірілмейді. Бұған дейін LOTTE Рахат компаниясы Алматыдағы ең ірі зауытты индустриялық аймаққа көшіру бастамасын талқылап жатқаны хабарланған болатын. Бұл жоба «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасына» енгізілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар