Рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобы айтылды

cover Фото: bobr.by

ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобы туралы түсіндірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарауға кірісті. Қарастырылып отырған құжатта алғаш рет әлеуметтік жағынан осал адамдар ұғымы енгізілді.

– Заң жобасында қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс жасаған сотталғандарды жазадан босату ұсынылады.

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына рақымшылық жасау кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағандарға, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қатысты қолданылмайды, - деп жазды Polisia.kz.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар