Қостанай облысы: «Халық» қайырымдылық қоры балабақша құрылысына қаржы бөледі

cover

Қостанай облысында алапат өрт болып, материалдық және экономикалық шығын келді. Жүзге жуық үй өртеніп, жергілікті тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнді.

Үкімет тұрғындарды қолдау және қиын жағдайдан шығу үшін барлық шараларды қолданып, табиғи апаттың зардаптарын жою бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр.

«Халық» қайырымдылық қоры төтенше жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге 91 жаңа үй салу жоспарланып отырған ауданда 280 орындық жаңа балабақша салынады, балабақша құрылысына «Халық» қайырымдылық қоры 1,3 млрд теңге бөлді.

– Біз зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақ болып, біздің үлесіміз, қамқорлығымыз бен қолдауымыз олардың ауыр зардаптардан айығуына және жақын болашақта олардың қалыпты өмірлеріне оралуына көмектесетініне сенім білдіреміз, – делінген қайырымдылық қордың мәлімдемесінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар