Qazaq Air әуекомпаниясы Vietjet Qazaqstan болып өзгертіледі

cover Фото: Qazaq Air

Қазақстан мен Вьетнам арасында енді 20-дай ұшақ ұшады. «Boeing 737» деп аталатын ұшақтарды басқаратын Qazaq Air әуекомпаниясының аты Vietjet Qazaqstan деп өзгертілетін болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бірлескен әуекомпания вьетнамдық VietjetAir және Sovico Group конгломератының қатысуымен қазақстандық Qazaq Air-дың базасында құрылады. Бұл жобада кем дегенде «Boeing 737» деп аталатын 20 ұшақ бар. Бұдан басқа, Qazaq Air және Boeing кешенді қызмет көрсету туралы келісті. Оның ішінде техникалық қолдау мен ұшқыштарды оқыту да бар.

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, жаңа ұшақтарды іске қосу өңірдегі көлік байланысын нығайтады. Vietjet Qazaqstan ұшақтары ішкі бағыттарға да, халықаралық бағыттарға да қызмет көрсететін болады.

Еске сала кетейік, қыз зорлады деп айыпталған ұшқыштың ісі әлі жүріп жатыр. Бұл жолы оның туыстары мен қорғаушысы өз нұсқасын мәлімдеді. Зорлық жасады деп айып тағылған ұшқыштың ісі өзге арнаға ауысқан болатын.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар