Путин шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: бейнежазбадан кадр, Kremlin.ru.
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Украинаға Ресей аумағына алыс қашықтықтағы қару арқылы шабуыл жасауға рұқсат бергені туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz .
«Медузаның» хабарлауынша, Путин Украина қарулы күштерінің ATACMS зымырандарымен Ресейге шабуыл жасағанын мәлімдеді. Осыдан кейін ол «қақтығыс жаһандық сипатқа ие болғанын», бірақ бұл «арнайы операцияның» барысына еш әсер етпейтінін жеткізген.
«Біздің әскерлер байланыс шебінің барлық бағытында алға сәтті жылжып келеді. Алдымызға қойған барлық міндеттерді орындаймыз»,– деді Путин.
Сонымен қатар, Путин Ресейдің Днепрге орта қашықтықтағы «Орешник» баллистикалық зымыранымен жауап соққы жасағанын растап, сынақтың сәтті өткенін айтты.
«Алдағы сынақтар Ресейге төнетін қауіпке байланысты болады. Егер жағдай ушығатын болса, біз де табанды түрде жауап қайтарамыз. Біз ашық, жария түрде, қарсыластан қорықпай жауап қайтаратын боламыз. Өйткені мұндай қаруға қарсы басқа шара жоқ. Қолданыстағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мұндай зымырандарды ұстап қала алмайды»,– деді Ресей президенті.
Сондай-ақ, Путин соққы ядролық емес гипердыбыстық жабдықтағы баллистикалық зымыранмен жасалғанын нақтылады. Ресей орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды қолдануды жоспарламағанын, алайда АҚШ-тың осындай әрекеттеріне жауап ретінде осындай шешім қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ әскер мен зымыран жүйелерін тасымалдау және оқу-жаттығуларды өткізу бойынша жақсы тәжірибе жинақтағанын айтты.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды