Путин Астанаға келеді

cover Фото: Александр Земляниченко / AP

Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуына дайындық басталды.

Бұл туралы Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.

Саммит 3-4 шілдеде Астанада өтеді және Кремль оған қазірдің өзінде қызу дайындық үстінде.

«Президенттің қатысуымен өтетін басқа іс-шараларға келетін болсақ, мен қазірдің өзінде біз өте мұқият дайындала бастаған бір ірі халықаралық шараны атап өтейін – бұл 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммиті» деп мәлімдеді Ушаков.  

Кремль өкілінің айтуынша, Ресей мемлекеті басшысының ШЫҰ саммитінде көптеген жеке екіжақты кездесулері болады, оның ішінде Үндістан және Иран басшыларымен байланыс болуы мүмкін. Ушаков Үндістанда жаңа ғана аяқталған сайлауды, сондай-ақ маусым айының соңында Иранда өтетін сайлауды ескере отырып, бұл кездесулердің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар