Прокуратура Жетісу облысындағы 170 миллион теңгенің жерін мемлекет қорына қайтарды

cover Фото: gov.kz

Жетісу облысында жалпы көлемі 155 гектар болатын 114 жер телімі мемлекет қорына қайтарылды.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Кадастрлық құны 170 миллион теңгеден асатын бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмей, мақсаты бойынша пайдаланылмай келген. Прокуратураның қадағалау актісінен кейін жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Биыл жалпы құны 500 миллион теңге болатын 53 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар