Президенттің жолына белгі салған Ақтөбелік шенді сотталды
Фото: Orda.kz
Сот Ақтөбе қаласы әкімдігінің қызметкері Абзал Тілмағамбетовті 8 жылға абақтыға қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе прокуратурасы бюджет қаржысынан бөлінген 200 миллионнан астам теңгенің талан-тараж болғанын анықтады. Шенді мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқырып, жол белгілері салынды деп қағаздарға қол қойып, істі қабылдағаны үшін айыпталды.
«Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Абзал Тілмағамбетовтің ҚК-тің 189-бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша кінәсі дәлелденді. «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» бабы бойынша сот үкім шығарды.
Ақтөбе қаласы әкімі Азамат Бекеттің қарамағындағы қызметкер жол белгілерін салу бойынша орындалмаған істі қабылдаған.
«Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры Абзал Тілмағамбетов Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік қызметте, қыржылық компанияларда, ұлттық компанияларда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылсын», — деді судья
Кәсіпкер Аслан Құсымов Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үй қамақта жүрген сотталушыға сот залында кісен салынды. Олар қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтейді.

Сотта Ақтөбеге президент келер алдында жол белгілерін салып дайындалған әкімдік қызметкерлерінің ақшаны талан-тараж қылғаны айтылды. Іс материалдарына сүйенсек, 2023 жылдың сәуір айында жол белгілерін салуға қатысты бөлінген бюджет ақшасынан шашау шыққан.
Абзал Тілмағамбетов 221 млн теңге болатын жұмысты атқарылды деп екі келісімшартқа қол қойған.
Сотталушылар сот үкімімен келіскен жоқ. Апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема