Президенттің бұрынғы көмекшісі Шарлапаев «Бәйтерек» құрамындағы қызметінен босатылды
Фото: Ақорда
Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі бұрынғы көмекшісі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді холдингтің директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады. Олардың қатарында: Олжас Бектенов, Роман Скляр, Серік Жұманғарин, Мәди Тәкиев, Ерсайын Нағаспаев, Рустам Қарайғошин, Мэри-Елен Берар, Дэниел Алан Витт және Манфред Грундке бар.
«Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (KASE — BTRK тикері) жалғыз акционерінің 2025 жылғы 14 қазандағы шешімімен Қ.Б.Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды» деп жазылған KASE-тегі құжатта.
Айта кетейік, Қанат Шарлапаев 2022–2023 жылдары холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бір палаталы парламентке көшуге дайындық жүріп жатыр. Алайда ел президенттік басқару жүйесін сақтап қалады. Бұл жөнінде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин журналистермен кездесуінде мәлімдеді. Бірақ кездесу жабық форматта өтті. Шақырылғандардың тізімінде тек «қажетті» деген басылымдар бар.
Жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті