Президент Тоқаев қазақстандықтарды Халық бірлігі күнімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Қазақстан халқын Халық бірлігі күнімен құттықтап, еліміздің барша азаматтарына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Orda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауында халқымыздың қиын-қыстау кезеңдерде әрқашан бірлікте болып, табыс пен жеңіске ұмтылатынын атап өтті. Бұл мереке елдегі тыныштығы мен тұрақтылығы әрі келісімінің символы екеніне тоқталды.
«Біздің бірегей өркениетіміз қазақ жерінде атамекенін тапқан көптеген этностардың мәдениеттерінің, діндері мен дәстүрлерінің үйлесімділігінің арқасында қалыптасты. Мемлекетіміздің барлық азаматтары – Әділ Қазақстанды құруға атсалысқан біртұтас халық. Халқымыздың күші – бірлікте. Сондықтан осы мұраны сақтап, нығайтуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Бұл мемлекетіміздің әрбір азаматының қасиетті борышы әрі абыройлы міндеті» деп жазды Президент.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды