Ақтаудағы жазықсыз 8 ай абақтыда отырған полиция бастығының шығынын енді мемлекет өтейді
Ақтау қалалық криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Мейрамбек Кенбаев, биылғы жылдың ақпан айынан бері қамауда отырған. Ақыры соттың бірінші сатысында ақталып шықты. Еш дәлелсіз 8 ай бойы уақытша ұстау изоляторына отырып шыққан Кенбаевқа енді шығындарды мемлекет төлейді. Ал облыстық прокуратураның әрекетіне құқықтық баға берілуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкім сот залында жарияланып, экс-полицей сол сәтте босатылды.
Іс құрамында қылмыс жоқ
Сот Кенбаевтың ісінен қылмыс саналатын әрекет таппады.
Тергеу органдары Кенбаевқа бірден бірнеше ауыр бап бойынша айып таққан болатын:
- есірткінің заңсыз айналымы;
- ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне қатысу;
- қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және алаяқтық.
Алайда сот айыптаудың дәлелдемелерін жеткіліксіз деп тауып, мынадай шешім шығарды:
«Мейрамбек Солтанмұратұлы Кенбаев кінәсіз деп танылсын. Оның әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ деп анықталсын».
Сот Кенбаевқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын жойып, оны сот залынан дереу босатуға қаулы етті. Сонымен қатар Кенбаевтың заңсыз қылмыстық қудалау салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығы мойындалды.
Телефондар мен өзге заттай дәлелдемелер иелеріне қайтарылып, сот шығындары мемлекет есебінен өтелмек.
Іс бір ғана нашақордың сөзіне құрылған
«Ш. есімді азамат бұрын полициямен байланыста болған, құпия көмекші ретінде жұмыс істеген. Кейін есірткі сақтағаны үшін ұсталған. Сол адам: «Кенбаев маған есірткі берген» деп көрсеткен. Бірақ ешқандай нақты дәлел, сараптама, тіпті заттың өзі де табылған жоқ», — дейді ағасы Түгелбай Кенбаев.
Оның айтуынша, Кенбаев өзіне қарсы қозғалған істі тек 2025 жылдың 28 қаңтарында, алғашқы тергеуге шақырылған кезде ғана білген. Бұған дейін оның телефоны тыңдалған, үйі мен отбасы 5 ай бойы бақылауда болған.
Тергеу барысында бірқатар процессуалдық заңбұзушылықтар анықталған:
- күдіктіге тергеу мерзімінің ұзартылуы туралы хабарланбаған;
- оның құқықтары (ҚПК 194-бабы) дер кезінде түсіндірілмеген;
- іс материалдарымен танысу мүмкіндігі тек Бас прокуратура мен Президент Әкімшілігіне шағым түскеннен кейін ғана берілген;
- Куәгерлерге қысым мен қабылдаудан бас тарту
- Туыстарының айтуынша, тергеу өзге есірткі істері бойынша ұсталған адамдарға Кенбаевқа қарсы куәлік ету үшін қысым көрсеткен.
«Кейбір күдіктілерге Кенбаевтың суретін көрсетіп: «Осы адамнан есірткі алғаныңды раста. Сонда бұлтартпау шарасын жеңілдетеміз» деп уәде берген. Көбі бас тартқанымен, қысым туралы ресми мәлімдеуге қорыққан», — дейді Түгелбай Кенбаев.
Сонымен қатар, сот екі жеке ұйғарым шығарды:
- Облыстық прокуратураның әрекетіне құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға жолданды;
- Айыптау тарапының басты куәгеріне қатысты, оның айғақтарын сот қайшы және күмәнді деп таныды.
Әуелі іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің бірден төрт бабы бойынша айыптау актісімен түскен:
- 262-баптың 3-бөлігі – ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу;
- 297-баптың 4-бөлігі – есірткі заттарын сату;
- 362-баптың 4-бөлігі 3-тармағы – қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану;
- 190-баптың 3-бөлігі 2-тармағы – алаяқтық.
Алайда соттағы жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы 262-бап бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ) айыптаудан бас тартты, ал 362-баптағы «өкілеттігін асыра пайдалану» бабы 366-бапқа («пара алу») ауыстырып қайта сараланды.
Кенбаевқа қатысты үш айдан астам уақыт бойы жасырын тергеу амалдары жүргізілгенімен, оның кінәсін дәлелдейтін айғақ табу әрекеттері ешқандай нәтиже бермеген.
Жалпы, сотқа дейінгі тергеу мен сот процесі 11 айдан астам уақытқа созылып, оның 8 айын Кенбаев қамауда өткізді.
Сот тергеуінің қорытындысы бойынша айыптау тарапының ұстанымы негізсіз деп танылды: ұсынылған дәлелдер қайшы, кінәні растайтын объективті деректер жоқ, ал материалдардың елеулі бөлігі жарамсыз деп танылды.
Кінәсіздік презумпциясы қағидатын басшылыққа ала отырып, сот Мейрамбек Кенбаевты толық ақтады.
Жаңалықтар
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды