Премьер-министр медицина қызметкерлеріне шабуылдағандарға жазаны күшейтуге 10 күн уақыт берді
Фото:Үкімет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешенін дайындайтын болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов президенттің медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі қауіпсіздікті арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді. Жиынға премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ішкі істер министрі Ержан Сәденов және әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова қатысты.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, 2019 жылдан бері Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдардың 170-тен астам фактісі тіркелген.
Олжас Бектенов медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет министрліктеріне дереу шара қолдануды тапсырды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәрігерлерге шабуыл жасалған мұндай оқиғалар құқықтық әдістермен қатаң түрде тоқтатылуы керек. Осыған байланысты денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет министрліктеріне он күн мерзім ішінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны үшін қылмыстық жаза қарастыру бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеп, енгізуді тапсырамын», — деді премьер-министр.
Ішкі істер министрінің мәліметінше, ауруханалар мен жүкті әйелдерге қызмет көрсететін орталықтардың қабылдау бөлмелерінде тәулік бойы полиция бекеттері қойылған. 115 денсаулық сақтау нысаны қорғауға алыныпты.
Айта кетейік, бүгін, 23 шілде күні Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуылдағандарға жазаны күшейтуді тапсырды.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады