Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
Фото: freepik.com
Ақмола облысында Астанадан келген екі мектеп оқушысы жүк пойызына мініп, вагоннан вагонға секіре бастаған. Бұл «ойын» олардың өміріне қауіп төндірген, деп хабарлайды Orda.kz Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.
Оқиға 11 сәуір күні Целиноград ауданындағы Жайнақ станциясында, «Астана – Атбасар» учаскесінде болған. Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, машинист вагонда бөгде адамдарды байқап, жүк пойызын шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған.
Кейін машинист дереу Жайнақ станциясының кезекшісіне және көлік полициясына хабарлаған.
Оқиға орнына келген қызметкерлер 14 және 16 жастағы екі жасөспірімді анықтаған.
Полицейлер жасөспірімдерді пойыздан түсірмек болған. Сол сәтте қашпақ болғандардың бірі төменге құлап бұғана сүйегін сындырды. Екіншісі аяқтан жеңіл жарақат алды. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жасөспірімдердің пойыз төбесіне қалай шыққаны тексерілуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады