Полиция Бишімбаев пен Шәріптің бейнеролигінде заң бұзушылық жоқ екенін мәлімдеді
Фото: Бейнежазбадан кадр
Полиция бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен актер Серік Шәріпті бейнелеген жасанды интеллект жасаған бейнероликте заң бұзушылық жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Желіде «желдей» есіп кеткен бейнероликке қатысты Алматы полиция департаменті ешқандай құқық бұзушылық болмағанын айтты.
«Бұл жағдай бойынша тексеру жүргізілді. Бейнематериалды жасағанда азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау, дербес деректері және басқа да құқықтарына қатысты заңнаманы бұзу анықталған жоқ. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық болмауына байланысты өтінішті қараусыз қалдыру туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Жасанды интеллект технологиясы арқылы жасалған роликте Бишімбаев пен Шәріп түрме камерасында отыр. Бишімбаевтың актерді жұбатып, иығынан сипағаны бейнеленген.
Айта кетейік, полицияға осы бейнероликке қатысты арызды актер Серік Шәріп жазған еді.
Еске сала кетейік, актер кездесіп жүрген қызын лифт ішінен күштеп шығарып, шапалақпен ұрғаны жайлы ақпарат тараған еді. Осы сәттің бейнежазбасын қоғам қызу талқылады. Артынша Шәріп жұртшылықтан кешірім сұрап, заң алдында толық жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Сот оған бес тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?