Полиция белсенділерге шарт қойды: Шыңжаңдағы туысын іздегендер босатылды
Фото: Orda.kz / Асан Анарбайұлы
2 желтоқсан күні Алматы қаласыда Республика сарайының алдына келген бірнеше әйелді Медеу ауданының полиция басқармасы басшысы Дәурен Өтебаев бастаған бір топ сақшы ұстап әкетті. Полиция туысымен табысуға мүмкіндік беруді сұрай-сұрай белсендіге айналған азаматтарға ескерту мәнінде шарт қойғаны айтылды.
Бірнеше сағаттан кейін белсенділер босатылды. Арада үш жарым сағат өткенде, 15.30 шамасында Нұрзат Ермекбаймен байланысу мүмкіндігі туды. Оның айтуынша, Медеу аудандық басқармасына жеткізілген соң полиция қызметкерлері туысын іздегендерге шарт қойған.
- Сіздер заңсыз митингке шығып жүрген соң бұйрық берді. Олар «консулдық алдына бармасаңыздар, осы 3,5 сағатта шығарамыз» деді. Егер ертең қайта барар болсақ, тағы да ұстап алып келетінін, түнге дейін ұстайтынын ескертті. Басқа шара қолданған жоқ. Сонда жүрген полицейлердің айтқаны – консулдыққа бармай, үйге қайтыңдар деді. Бармаймыз деген соң, шығарып жіберді, - деді 13 жылға «нақақ» сотталған ағасын босатуды сұрап жүрген Ермекбай.
Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап еткен бір топ қазақстандық тоғыз айдан бері Қытай консулдығының алдында наразылық өткізіп келеді. Бұл жолы елшілік ғимаратынан тыс жерге қолына плакат я көрнекі құрал ұстамай, журналиске сұхбат беруге келген аналардың ұсталуы жайлы нақты түсініктеме бермеді.
Редакция тілшісі оқиға орнында полицейлердің Халида Ахытхан, Нұрзат Ермекбай, Гаухар Құрманалиева және Гүлбарам Өмірәліні автобусқа мінгізіп, алып кеткеніне куә болған. Ұстау барысында Медеу ауданының полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев Әкімшілік кодексінің 488-бабы (Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу туралы – ред.) негізінде ұстағанын алға тартты.
Халықаралық қауымдастық 2017-2018 жылдары Қытайдың Шыңжаң түркітілдес этностарды жаппай «қайта үйретуге» шақырта бастаған саясаты «геноцидке» ұласқанын сынап келеді. Концлагерь тәрізді нысандар туралы түрлі ірі зерттеулер жүргізілсе де Бейжің мұны мойындамайды. Бірнеше жылдан бері қазақстандықтар көрші елдегі туыстары мен отбасы мүшелері қысым көріп, жазықсыз сотталып жатқанына наразы. Қазақстан билігі Қытайдағы қандастардың мәселесі бөтен елдің ішкі саясаты деген ұстанымда.
Авторы: Асан Анарбайұлы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық