Пластикалық хирург екі науқастың өліміне қарамастан жұмыс істейді

cover

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов пластикалық хирург Дмитрий Писаревтің қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Еске салсақ, ол Алматыда жасаған отадан кейін екі әйел қайтыс болған.

Науқастың өліміне әкеп соқтырған «медициналық қателіктер» үшін мерзімнің аяқталуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату сот практикасының бір бөлігі ретінде заңдастырылған. Бұл туралы журналистерге адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов айтты.

Бұл құқық қорғау органдарының екі жыл бойына істі тергеуді ұйымдастыра алмауына байланысты.

– Дәл осы кезеңде кінәлі адам сотқа тартылуы керек. Соттың шегеріліп отыруы осындай шешімге негіз болған, - деп түсіндірді ол.

Нәтижесінде 2018 жылы сүт безі операциясынан кейін қайтыс болған стюардесса Лаура Ізбасарованың отбасы сот үкіміне қанағаттанбады.

Енді Дмитрий Писарев екі науқастың өліміне қарамастан, өзінің медицина саласындағы жұмысын жалғастыра алады.

Еске салсақ, Дмитрий Писарев 2019 жылы тамызда қамауға алынды. Оған операция кезінде тағайындалған наркоз мөлшерінен көп салынды деген айып тағылды. Садарынан оның қарауындағы науқас Лаура Ізбасарованың жағдайы нашарлап, ол қайтыс болды.

Алайда, 8 шілдеде Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Дмитрий Писаревқа ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша үкім шығарды. Бірақ уақыттың өтіп кетуіне байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот сонымен қатар оның кетпеу туралы қолхатының күшін жойды.

Айта кетсек, 2018 жылдың соңында Дмитрий Писарев тағы бір науқастың - Украинаның 33 жастағы азаматшасы Дана Агамурадованың өліміне кінәлі деп танылды. Липосакция процедурасынан кейін әйел қайтыс болды. Сот процесі кезінде Писарев кінәлі деп танылды. Бірақ сол кезде де ол іс бойынша мерзімінің аяқталуына байланысты қылмыстық жазадан құтылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар