Питер Фостердің кетуінің себебі компаниядағы ұрлыққа қатысты ма?
Фото: Әуе компаниясы мұрағатынан
2025 жылғы 8 қазанда Air Astana компаниясы оны 20 жыл бойы басқарып келген британдық Питер Фостердің қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны туралы бірнеше болжам айтылды — рейстердің кешігуінен бастап жеке мәселелерге дейін. Алайда екі күннен кейін бұл оқиғаға байланысты жаңа нұсқа пайда болды — ол өткен жылғы ірі көлемдегі ұрлық жайлы. Orda.kz осы істің жай-жапсарын анықтап көрді.
Ұрлық жайлы алғашқы ақпарат былтыр пайда болды. 2024 жылғы 4 желтоқсанда Казнетте Air Astana-да ірі көлемдегі қаражат жымқыру деректері туралы ақпарат тарады. Сол күні Air Astana ресми пікір білдіріп, ұрлықтың расымен болғанын растады. Алайда, онда нақты сома аталмады және мәселенің FlyArystan компаниясында болғаны көрсетілді.
«FlyArystan авиакомпаниясының басшылығы қаражат ұрланғанын анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінді. Тергеу нәтижесінде ұрлық фактілері расталды, осыған байланысты авиакомпания құқық қорғау органдарына кінәлілерді анықтап, келтірілген шығынды өндіріп алу үшін өтініш жасады» деген ақпарат тараған еді.
2024 жылдың наурызында жасалған қызметтік жазбаларға сәйкес, ішкі тергеу нәтижесінде үш қызметкерді жұмыстан шеттету ұсынылған, олар:
- Дәуір Еркенұлы — FlyArystan-ның аға сату менеджері;
- Еркін Исанов — кірістерді есепке алу менеджері;
- Ренат Әбулханов — маршруттық желіні жоспарлау және кірістерді басқару директоры.
Олар авиабилеттерге қатысты қаржылық манипуляцияларға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Ең бастысы, бұл шешім FlyArystan компаниясының Air Astana-дан тәуелсіз құрылым ретінде бөлінгені жарияланбай тұрып қабылданған.
Аудитті «Ernst & Young — кеңес беру қызметтер» ЖШС жүргізген. 2024 жылғы 17 қазанда ұсынылған есепте 1 054 710 181 теңге көлеміндегі ұрлық фактілері расталған. Осыған байланысты «Air Astana» АҚ Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне (ЭТД) сотқа дейінгі тергеу жүргізу туралы өтініш білдірді.
2024 жылғы 29 қарашада ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы (өзге біреудің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі көлемде ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша шекті жаза — 12 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу.
Күдіктілер — Еркенұлы, Исанов және Әбулханов — қамауға алынған, яғни тергеу абақтысына жабылған.
Ал енді Питер Фостердің кетуі кездейсоқтық па?
Журналист Михаил Козачков бұл ұрлық ісінің Фостердің қызметтен кетуіне қатысы болуы мүмкін деген пікір айтты. Себебі тергеу ісі қазір де жалғасып жатыр, алайда Алматы соттарында Еркенұлы, Исанов, Әбулханов немесе FlyArystan аты аталған қылмыстық іс тіркелмеген.
Тағы бір назар аударарлық жайт: 2024 жылғы сәуірде, яғни ішкі тергеуден бір ай өткен соң, FlyArystan басшысы Адриан Хэмильтон-Маннс та қызметінен кететінін хабарлады. Ол мұны «отбасына көбірек уақыт бөлгісі келетінімен» түсіндірді. Бұл да Питер Фостердің әйелі айтқан — «отбасына көңіл бөлу» себебіне ұқсайды.
Питер Фостердің Air Astana-дан кетуінің себебі нақты айтылмағанымен, ірі көлемдегі қаржы жымқыру істері, басшылықтағы ауысулар мен уақыт жағынан сәйкес келетін оқиғалар бұл нұсқаның шындыққа жақын екенін көрсетеді. Әзірге бұл — ресми расталмаған болжам, бірақ ол нақты себептердің бірі болуы да мүмкін.
Orda.kz бұл іске қатысты тергеу органдарына сұраныс жіберіп, қосымша ақпарат күтіп отыр.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
- «Біреудің ала жібін аттап кеттім бе?» — Ерболат Жанәбіловтің сот алдындағы сөзі
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанәбілов кінәсін ішінара мойындады
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған