Петропавлда түлектер кешінде мектептің төбесі опырылып түсті
Фото: Envato
18 маусым күні сағат 11:00 шамасында Петропавлдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 мектепте аттестат тапсыру рәсімі кезінде төбенің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға кезінде залда шамамен 100 адам болған. Алайда, ешкім зардап шеккен жоқ. Білім басқармасының мәліметінше, төбеден «армстронг» үлгісіндегі тақтайшалар шамамен 13 шаршы метр аумақтан опырылып түскен.


Мектеп мерекелік шараны тоқтатпай, оны шұғыл түрде мектеп ауласына көшіріп, белгіленген сценарий бойынша жалғастырған.
Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мәжіліс залына соңғы 20 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мамандар опырылудың себебін анықтап жатыр. Қорытынды бойынша тиісті акт жасалып, салдарды жою шаралары қолға алынбақ.
Жаңалықтар
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді