Петропавлда экс-полицей абақтыда аштық жариялады

cover Фото: Orda.kz

Петропавлда «СПК Мол-ТД» сүт компаниясының басшысы Евгений Данькоға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұрынғы полицей әрі қазіргі кәсіпкер жалған құжаттар арқылы жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алып, сары май өндірген деп айыпталып жатыр. Осындай әрекетпен ол ақша заңдастырған.  

2015 жылы 41 жастағы Евгений Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі болып тұрған кезінде пара алғаны үшін сотталған еді. Ол танысының қылмыстық ісін жабу үшін 20 мың доллар сұраған.  

Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ кейіннен нақты мерзім шартты жазаға ауыстырылып, Данько мерзімінен бұрын босап шықты. 2019 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың наурызына дейін «Мол-ТД» компаниясы заңсыз жолмен 54 млн теңге субсидия алған. Қаражаттың бір бөлігіне Toyota Land Cruiser Prado 150 автокөлігін сатып алған.

Евгений Данько тағылған айыптарды мойындамайды және наразылық көрсетіп, тергеу изоляторында он күн аштық жариялады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар