Петропавлда белгісіз біреу әйелді аяусыз соққыға жыққан

cover Фото: freepik.com

Петропавлда белгісіз адам әйелді ұрып-соғып, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Orda.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. Петропавлдық 49 жастағы әйелді кешкі сағат 22:30 шамасында аулалардың бірінде ұрып кеткен. 

«Бұзақылық ниетпен белгісіз біреу 49 жастағы әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтіріп, Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша («бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу басталды»,  делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар