Петропавлда әжесі мен немересі газдан уланды
Фото: freepik.com
Петропавлда әжесі мен немересі үйді жылыту үшін бензин генераторын орнатып, салдарынан улы газдан уланып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК арнасының мәліметінше, оқиға Заречный ықшамауданындағы саяжайда болған. Су тасқынынан кейін бұл маңда әлі электр жарығы жоқ. Үйде бензин генераторы қолданылған. Бөлме бірден жанудан шыққан зиянды өнімдерге толып, салдарынан әжесі мен немересі уланып қалған.
14 жастағы қыз анасына қоңырау шалып, әжесі екеуі кенеттен ауырып қалғанын хабарлаған. 68 жастағы зейнеткер жансақтау бөліміне, ал қыз балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер екі зардап шегушінің де жағдайын орташа ауыр деп бағалады.
Жаңалықтар
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды