Петропавлда анасынан таяқ жеген жеті жасар қыз ауруханаға түсті
Полиция "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Петропавлда жеті жасар қызды анасы мен өгей әкесі теріс қылығы үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полицияның мәліметінше, 23 қарашада Петропавлдағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері екінші сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы хабарлаған.
«Факті Петропавл қалалық ІІБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тіркелді. Қыз бала облыстық балалар ауруханасы жатқызылды» делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанның жарақатына оның 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі себеп болғанын анықтады. Олар өз кінәларын мойындамай, болған жайтты «баланың жаман қылығы» үшін деп түсіндірді.
Істің барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды