Перуашев «Самұрық-Қазына» басшысының табысы туралы сұрады
Фото: Akzhol.kz
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың үш жыл ішінде іс жүзінде миллиардер (805,9 млн теңге) болып кеткенін сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, мұндай табыс жеке бизнесте қалыпты көрінеді, оның үстіне қоғам кәсіпкердің табысына қуанып, қолдайды. Бірақ мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін адам туралы сөз болғанда, бұл жөнінде сұрақтың туындау заңды, деп пікірін білдірді депутат.
«Мен «Ақ жол» фракциясының бірнеше рет барлық квазимемлекеттік құрылымдардың, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының, ұлттық компаниялардың қызметін бағындыруды, олардың бюджеттерін толығымен парламентте талқыланып жатқан республикалық бюджетке енгізуді ұсынғанын еске саламын. Кеңейтілген бюджетке. Бүгінде бюджет кодексі аясында біздің көпжылдық талаптарымыз бойынша бұл есептер бақылауымыздан өтеді. Біз оларды қарастырып отырамыз, бірақ өкінішке қарай, осы бюджеттер бойынша есептерді бекітпейміз. Жай ғана есеп аламыз. Бұның өзі ең болмағанда алғашқа қадам», - деді Перуашев.
Депутат бұл жүйені парламент тек ақпаратқа ғана емес, квазимемлекеттік секторды бақылаудың нақты құралдарына қол жеткізуі үшін дамыту қажет деп мәлімдеді.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Қазақстанды «Штрафстан» деп айтқанына өкінетін – Перуашев
- «Бір-бірін айыптаған депутаттар дауы»: Азат Перуашев кімге пара берді?
- «Ұлттық гвардия, харрасмент, жемқорлық»: «Ақ жол» партиясы қалай дауға қалды?
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды