Перизат Қайраттың миллиардтарды қайда жұмсағаны белгілі болды

cover Фото: Orda.kz

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайрат миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақша ретінде шығарып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған, деп хабарлайды Orda.kz.

Ұрланған қаражат 3,5 млрд теңге болды. Жөндеу, жол жүру, жиһаз және киім-кешек шығындарының ішінде 6,9 миллион теңгеге сатып алған Rolex сағаты бар.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше ол Rebel гүл дүкенін 23 миллион теңгеге сатып алған. Нәтижесінде бұл кәсіп оған 69 миллион теңге пайда әкелген.

«Сонымен қатар, ұрланған ақшаға ол төрт көлік, төрт пәтер, екі тұрақ, бір үй, жер телімін және ғимарат сатып алған. «Олар одан жалпы құны 158 миллион теңге тұратын зергерлік бұйымдарды, аяқ киім мен сөмкелерді тәркілеген»,  деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Еске сала кетсек, кінәсін мойындамаған Перизат Қайраттың анасы үйқамаққа алынған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар