Пекин біржақты санкцияларды қабылдамайды: Қытай Трамптың мәлімдемелеріне қарсы шықты

cover Фото: Nikkei Asian Review

Қытай энергетикалық қауіпсіздік саласындағы саясатты өз ұлттық мүдделеріне сай дербес айқындайды. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякун мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz  IRNA-ға сілтеме жасап.

«Қытай энергетикалық қауіпсіздік саласында әрдайым өз мүддесін басшылыққа алады. Біз біржақты санкциялар мен сыртқы қысымдарға қарсы екенімізді қатаң мәлімдейміз», — деді дипломат. 

Бұл мәлімдеме Вашингтон тарапынан жалғасып жатқан қысымға қарсы  жасалған қадам. АҚШ халықаралық әріптестерінен, соның ішінде энергетика саласында, Иранға қарсы санкцияларды сақтауды талап етіп келеді.

Бұған дейін Дональд Трамп Қытай Израиль мен Иран бітімге келгеннен кейін иран мұнайын сатып алуды жалғастыруы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда кейінірек Ақ үй оның бұл сөздері АҚШ санкцияларын жеңілдетуді білдірмейтінін түсіндірді.

2022 жылдың өзінде АҚШ-тың жаңа санкциялар тізіміне екі адамның аты-жөні, 13 компания мен екі мұнай танкері қосылды. Себебі,  бұл компаниялар ирандық мұнай мен мұнай-химия өнімдерін тасымалдауға және сатуға көмектескен деген болжам айтты.

 2025 жылғы Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі және Ормуз бұғазының жабылуы елеулі экономикалық сілкіністерге әкеліп,  мұнай бағасын шарықтатып жіберді. 

Израиль армиясы  Иранның ядролық қару жобасына және отын қорына байланысты бірқатар мақсаттарға, соның ішінде Иран Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері мен SPND ядролық жобасының штаб-пәтеріне ауқымды соққылар сериясын аяқтағанын мәлімдеді.

2024 жылы қазан айында ЕуроОдақ елдері Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы санкцияларын күшейтті. 

Дегенмен Ресейдің «Транснефть» компаниясы Қытайға Қазақстан аумағы арқылы жеткізілетін  мұнай көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

Биылғы 24 қаңтарда Астанада ресейлік тараптың  қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеруге және электр энергетикасы жобаларына қатысуын кеңейту мүмкіндігі талқыланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар