«Педофил — Алланың барына дәлел»: Нұр-Мүбаракта имам жұрттың жағасын ұстатты
Фото: бейнеден кадр
Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінде оқылған дәрістегі «педофилдің болуы — Алланың барына дәлел» деген ұстаздың сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінде ұстаздың өткізген дәрісі тарап кетті. Бейнежазбада ұстаз Алланың барына дәлелдердің бірі ретінде педофилдердің бар екенін алға тартады. Желі қолданушылары бұл мысалдың мәнін және ұстаздың не айтқысы келгенін түсінбей, наразылық білдірді.
«Педофилдің болуы — Алланың бар екеніне дәлел. Неге олай деп ойлайсыздар? Жігіттер, егер Алла болмаса әрі біздің қалауымыз болса, онда педофил болмас еді. Біздің қалаған нәрсенің қарсысы болып тұр. Ол нені білдіреді? Онда сенің қалауыңның орындалмауын біреу қалап тұр. Сенде бүкіл нәрсенің орындалмауы осыған дәлел», — деді дәріс оқушы.
Ұстаздың аты-жөні әзірге белгісіз. Алайда видеоны жариялаған әлеуметтік желі қолданушысы оның дәл осы діни оқу орнында ұстаздық ететінін жазған.
«Бұдан төмен қайда жаққа құлдырауға болады? «Педофилдер — Алланың бар екенінің дәлелі».
Айтпақшы, бұл сөзді қарапайым адам емес, Алматыдағы Нұр-Мүбарак ислам университетінің оқытушысы айтып отыр», — деді желі қолданушысы.
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады