«Педофил — Алланың барына дәлел»: Имам дау болған сөзін түсіндірді
Фото: бейнеден кадр
Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінде дәріс оқыған ұстаз Нұржан Смағұл әлеуметтік желіде қызу талқыланған «педофилдердің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұстаз Нұржан Смағұлдың айтуынша, бұл «жоқ жерден шыққан дау» имамды әдейі қаралау мақсатында жасалған.
«Негізі, болмашы нәрседен туындаған дау. Соңғы уақытта интернетте белсенді болғандықтан, мені әдейі қаралау мақсатында таратылған жала деп есептеймін. Менің айтқан ойым – жақсылық пен жамандықтың табиғаты туралы. Бұл тақырып Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерінде де, Абайдың қарасөздерінде де кездеседі», — деді ұстаз.
Оның айтуынша, дәрістің негізгі мақсаты – әлемдегі жақсылық пен жамандықтың да Алланың қалауымен болатынын түсіндіру болған.
«Соңғы кезде мұсылмандарға қарсы «егер Құдай бар болса, неге педофилдер бар?» деген сұрақтар жиі қойылып жүр. Мен осы сауалға теологиялық тұрғыда жауап беруге тырыстым. Яғни, дүниеде не болса да, оның бір жаратушысы бар, біз қаламасақ та, барлығы Оның қалауымен жүзеге асады деген ойды айтқым келген», — деді ұстаз.
Имам өз сөзінің бұрмаланып, контекстен үзіп алынғанын тағы да атап өтті.
«Исламофобтық, атеистік және радикалды топтарға бұл жағдай жақсы құралға айналып отыр. Олар бізге қарсы әрекет етіп, өз ықпалын күшейту мақсатында осындай амалдарға барып отыр», — деп түсіндірді ол.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Нұржан Смағұлдың дәрісінен үзінді жарияланып, онда ұстаз «педофилдердің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген сөзі қоғамда наразылық тудырған болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады