Павлодарлық тұрғын жууға әкелген көлігінен айырылып қалды

cover Фото: Ирбис TV

Павлодарлық тұрғын Land Cruiser 200 автокөлігін жууға тастап кетіп, кейін оның ЖКО-ға тап болғанын білген, деп хабарлайды Orda.kz.

Иесі көлікті жуып болған соң, көлік оталмай қалған. Ішкі саймандарына су тигендіктен оталмай тұр деп ойлаған иесі оны кептіру үшін бір күнге сол жерге тастап кеткен. Сол күні түнде оған полиция хабарласып, көлігі жол апатына тап болғаны айтқан.

Ирбис TV мәліметінше, оның көлігін 18 жастағы жігіт және тағы үш адам ұрлап, әуежай маңында апатқа ұшыраған. Ал қазір көлік жүруге жарамсыз. Келтірілген залал 6 млн теңге.

«Автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша — автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иелену дерегі бойынша жүргізілуде. Қазіргі кезде сот авто-тауартанулық сарапта тағайындады. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Павлодар қалалы департаменті.

Көлік жуу мекемесінің айтуынша, кінә рөлге отырып, қыдырып кеткен жас қызметкерде. Ал көлік иесінің өкілі автокөлік жуу орны жауапкершілікке тартылуы тиіс деп талап етіп жатыр, себебі ол көлікті сеніп қалдырған.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар