Павлодарда төрт өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

cover Фото: Envato

Павлодар облысында бүкіл елді есеңгіреткен қылмыстық іске нүкте қойылды. Өгей әке төрт бірдей қыз баланы бірнеше жыл бойы зорлап келген, деп хабарлайды Orda.kz.

Бүгінде сот оның кінәсін дәлелдеп, 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Қорлық 2015 пен 2017 жылдар аралығында болды. Қыздардың туған жылдары: 2001, 2003, 2006 және 2010. Кішкентай қыздар өз үйінде, өз бөлмесінде, өз анасымен бірге тұрған адамнан қорлық көрді.

Ер адам үнемі мас кезінде қыздарға ұзақ уақыт бойы жыныстық зорлық көрсеткен. Оларды қорқытып, қысым жасап, үндемеуге мәжбүрлеген. Бұл туралы іс қоғамнан жасырын, жабық режимде қаралды.

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот судьясы Нұрлан Айтбаев үкімді жария етті:

«Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтейтін болады»,  деп мәлімдеді сот.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар